<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><hymn_number>27</hymn_number>
<lyrics>[V1]
.     Am             Dm         Am
 Арайымен атқан күннің нұр күліп,
.    Am           Dm       Am
 Жан-жүрегім ақтарылды жаңғырып.
.    A             Dm               Am
 // Бұлақ көзін ағып жатқан таптым мен,
.     Dm               E7   Am
 Қуанышым таусылмайды мәңгілік. //

[V2]
 Үміт, мақсат алға мені жетелер,
 Еш солмайтын мәңгілік сый әперер.
 // Жарығың боп мына өмірде жүруге,
 Тәңір Ием, Өзің қуат бере гөр. //

[V3]
 Айтпай-ақ та жүрегімді білесің,
 Мұқтажымның ең асылын, киесін.
 // Оятсаңшы қазағымды, елімді,
 Құтқарылсын, қисық жолын түзесін. //

[V4]
 Шапағатың бүкіл елге тарасын,
 Шаттық әнім шарлап қазақ даласын.
 // Басымды иіп сұраймын мен, Тәңірім!
 Құтқарсаңшы барлық қазақ баласын. //</lyrics>
<title>Арайымен атқан күннің нұр күліп Қак27 РӘЖ101</title>
<key>C</key>
<author>Қабдешов Руслан</author>
</song>